Мәскеудегі комиссия Қазақстанға атом энергетикасы бойынша тапсырма берді

1335
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/08/img_8001-960x500.jpeg?token=16f1d744a60012c3ad19d6694ccb661e
Мәскеуде өткен Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 25-ші отырысында Қазақстан тарапына атом энергетикасы саласында тапсырма берілді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. «Комиссия тараптардың атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, оның ішінде ядролық отын айналымы саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті. Комиссия «Росатом» мемлекеттік корпорациясына, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне және тараптардың мүдделі ұйымдарына атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесі бойынша консультацияларды жалғастыруды тапсырды», - делінген комиссия хаттамасында. Айта кетейік, хаттамаға әлі қол қойылған жоқ. Оның жекелеген тармақтары тараптармен келісіліп жатыр.
Комментарии