Жас жазушы жүлдеге ие болды

402
Adyrna.kz Telegram

Жас жазушы Әлихан Жақсылықтың «Нотр‑Дамда құлшылық жасау керек пе?» романы Hertfordshire Press Award 2024 байқауында «Critics Choise» (Сыншылар таңдауы) номинациясын иеленді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы жазушы Facebook парақшасында бөлісті.

«Лондоннан Жақсы жаңалық жетті! «Нотр-Дамда құлшылық жасау керек пе?» романы баспаның ең үздік романы атағын алыпты дейді. Бізді Британияға шақырып жатыр» - деп жазды Әлихан Жақсылық.

Марапаттау рәсімі 2024 жылдың 24 қарашасында Шотландияның Гринок қаласында өтеді.

«Сіздің шығармашылығыңыз рецензенттеррге үлкен әсер қалдырды. Бұл номинация сіздің әдеби өнерге қосқан үлесіңіздің маңыздлығын лайықты түрде көрсететініне сенімдіміз. Сізді әлемнің түкпір‑түкпірінен көрнекті жазушылар, ақындар мен мәдениет қайраткерлерін жинайтын осы салтанатты шараға қатысуға шақырамыз. Бұл әріптестермен, оқырмандармен және халықаралық әдеби қауымдастық өкілдерімен кездесудің бірегей мүмкіндігі» - делінген шақыру хатта.

Пікірлер