Тұман, аяз және нөсер: Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

1279
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның 11 облысында 19 қазанға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батысында күндіз екпіні 18 м/с жел соғуы ықтимал.

Түнде Атырау облысының оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Таңертең және түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, түнде облыстың солтүстігіндегі және шығысындағы екпіні 17-22 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысында екпіні 15-20 м/с жел соғады деп күтілуде.

Күндіз Алматы облысымен Қонаевта 17-22 м/с жел болады деп күтілуде.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында және Петропавлда тұман күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының батысында найзағай болып, дауыл соғуы ықтимал.

Түнде Маңғыстау облысының орталығында қатты жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жел соғады.

Түнде және таңертең Абай облысының орталығындағ батысында, солтүстігінде тұман күтілсе, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Сонымен қатар,15-20 м/с жел соғуы ықтимал.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Талдықорғанда түнде 5-7 градус аяз күтіледі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер