Алматыда көпқабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді

1633
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Алматыда тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматы қаласындағы Байтұрсынов пен Құрманғазы көшелерінің қиылысында орналасқан “Престиж Алатау” тұрғын үйі мен шатыры өртеніп жатыр.

Желіде оқиға орнынан видеолар таралған. Кадрлардан тұрғын үй шатырының лаулап жанып жатқанын байқауға болады.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында 25 өрт сөндіруші мен бірнеше бригада жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

“Өрт 8 қабатты тұрғын үйдің 7-қабатынан шыққан. Оны сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрманғазы көшесінде көлік қозғалысы шектелді. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ”, – делінген хабарламада.

Өрт орнында газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері  де жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Қостанайда тұрғын үйден өрт шығып, бес баланың өмірін қызыл жалын жалмаған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер