"Ұлым кінәлі емес". Шерзаттың өлімі бойынша қамауға алынған күдіктінің анасы үндеу жасады

1720
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден алынған
Фото: Бейнеден алынған

Шерзат Болаттың өліміне қатысты ұсталған бір күдіктінің анасы әділ тергеу жүргізуді сұрап, үндеу жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бейне үндеу Kozackov Telegram арнасында жарияланған.

Күдіктінің анасы ұлы мен досы қайғылы оқиға орнында мүлде болмағанын айтқан. Алайда қазір күдіктілер қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отырған көрінеді.

“Мен Казакенова Лейла марқұм Шерзат Болаттың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Ана ретінде олардың қайғыларын түсінемін, қайғыларына ортақтасамын. Осы оқиғаға қатысты президентке, ішкі істер министріне және еліміздің бас прокурорына жүгінемін. БАҚ-та бастапқыда 13 адамның қатысы бар екенін айтқан, бірақ іс жүзінде 7 адам ғана ұсталған. Санды толтыру үшін қалғандарын жазықсыз ұстаған. Олардың арасында менің ұлым Казакенов Арлан мен досы Розбакиев Юлдаш бар. Олар қазір қылмыс туралы хабар бермегені үшін айыпталып отыр”, – дейді ол.

Әйел адам ұлы мен досы оқиға орнына мүлдем бармағанын айтып, әділдікті сұраауда. Қалған күдіктілермен қылмыстан кейін ғана кездескен.

"Шын мәнінде олар қылмыс орнында болмаған. Оқиғаның барлығы болып, біткеннен кейін ғана ер адамның екі адамды көлікке отырғызып, алып кете бара жатқан жерінің ғана куәсі болған. Мерседес көлігінің іздестіріліп жатқанын естіген. Менің ұлым танысы Нұрқиясқа хабарласып, не болғанын сұрайды. Ол ұлым мен досын Рысқұлов ауылына жанына шақырады. Досы екеуі барады. Нұрқияс жалғыз емес екен, жандарында алты адам болған. Талғарға қарай барған, жолда кездескен, араларында ұрыс болған, артынша полиция алып кеткен. Олардан түсініктеме алынды, артынша жіберілді. 13 қазан күні ұлым мен досы 48 сағатқа ұсталды. Артынша 2 айға қамауға алынды. Оларды не себепті қамауға алынғанын түсінбедім. Ұсталған 13 адамның орнын толықтыру үшін жасалып отыр ма? Оқиға орнына бармаса да, күдікке ілініп отыр. Олар тіпті не болғанын да білмейді. Оқиға орнында болған екі қыз қамауда емес, алайда ұлым мен досы қамауда. Мен әділ тергеу талап етемін”, – дейді әйел.

Пікірлер