Заңсыз ақша жинау. Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеме жасады

1392
Adyrna.kz Telegram
Фото: Pinterest
Фото: Pinterest

Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарының аумағында әртүрлі сылтаулармен заңсыз ақша жинауға мұғалімдерді тарту заңсыз екенін ескертті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрлік жуырда 2 мыңнан астам білім ұйымының басшысы мен аумақтық департамент өкілдерінің қатысуымен коррупциялық тәуекелдерді алдын алу және ескерту мақсатында жиналыс өткенін мәлімдеді.

«Қатысушыларға коррупциямен күрес, бақылау шараларын ұйымдастыру, қызметтің өзін өзі бағалауы туралы жан-жақты түсініктемелер берілді. Білім ұйымдарында әртүрлі сылтаулармен заңсыз ақша жинаудың алдын алу мәселелеріне, сондай-ақ педагогтардың кәсіби қызметіне қатысты заң талаптарының бұзылуына ерекше назар аударылды»,— деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстанда педагогтарды кәсіби қызметімен байланысты емес жұмыстарға тарту, тауарлар мен қызметтерді сатып алу міндетін жүктеу заңмен тыйым салынған. Бұл нормалардың бұзылуы заңнама шеңберінде жауапкершілікті қарастырады.

«Білім беру процесінің әрбір қатысушысы адалдық пен әділеттіліктің үлгісін көрсетуге тиіс. Коррупцияның алдын алуға көмектесуі қажет. Біз осы принциптердің қатаң сақталуының маңыздылығына назар аударамыз және педагогтар мен білім ұйымдарының басшыларын коррупциялық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға шақырамыз»,— деді білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов.

Заңсыз ақша жинау фактілері немесе басқа коррупциялық көріністер анықталған жағдайда, дереу аумақтық департаменттерге немесе білім министрлігінің сапаны қамтамасыз ету комитетіне +7 (7172) 74-23-92 нөмері бойынша хабарласу ұсынылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Пікірлер