"Тұмарым" әнінің авторы, белгілі әнші Рамазан Елібаев дүниеден өтті

3605
Adyrna.kz Telegram

Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Елібаев қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Рамазан Елібаев 1947 жылы дүниеге келген. Ол — белгілі қазақ әншісі және композиторы, «Нұрекем», «Тұмарым», «Жаным-ау», «Не пая» әндерінің авторы және орындаушысы.

«Көздер» -ай», «Жас ұлан», «Балалық қайран бал шағым», «Көңіл күйі» т.б. «Гүлдер» ансамблінің құрамында түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Қазақ сахнасының саңлағына айналған әртіс қазір 15 жылдан аса уақыт өнер әлемінен алыстап кеткен еді. Ол бір жыл бұрын 3-дәрежелі "паркинсон" дертіне шалдыққанын айтып, халықтан көмек сұраған.

Уақытша дәрінің күшімен күн көрген әртіс 11 қазан күні өмірден өтті. Өнер қайраткерінің қазасы туралы хабарды балалары жариялады.

Марқұмның жаназасы 13 қазан күні Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте шығарылады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер