Қытайда электроскутер жол үстінде өртенді

169
Adyrna.kz Telegram

7 қазан күні Қытайда кешкі сағат 7 шамасында өрт құрсауында қалған электроскутер иесімен бірге жолға шығып кеткен. Шэньчжэньдегі Лунхуа ауданында болған оқиға көліктің бейнетіркеуішіне түсіп қалған, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.  

Батереясы жарылып, өртке оранған электроскутерден жүргізуші құлап түіп, аман қалды. Ол жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның себебін тергеу кезінде бұл электрлі көліктің өздігінен жануымен болған алғашқы жағдай емес екені анықталады. Жергілікті БАҚ жеке мобильділік құралды пайдаланатын тұрғындарға барынша мұқият және сақ болуды ескертті.

Пікірлер