Футболдан Қазақстан құрамасы Австриядан жеңілді

1606
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/10/611cadaa-fce0-4aab-b183-3909b89c9174.jpeg

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында Австриямен сырт алаңда ойнады. Линц қаласында өткен кездесу 4:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Кристоф Баумгартнер (10-минут), Филипп Линхарт (53-ші), Марсель Забитцер (56-шы) және Маттиас Зайдль (79-шы) гол соқты.

Үш турдан кейін Қазақстан В дивизионының 3-тобындағы әлі гол соға алмаған жалғыз команда болып отыр.

13 қазанда 1 ұпайы бар және соңғы, төртінші орында тұрған қазақстандықтар Словенияны өз алаңында қабылдайды.

Комментарии