Ағылшыншасы судай күзетшінің кім екені белгілі болды

6907
Adyrna.kz Telegram

Түркістанда кесенеге келген туристермен ағылшынша еркін сөйлесіп жүрген күзетшінің кім екені белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

55 жастағы Шер Талғатбекұлы әп сәтте қазнет жұлдызына айналды. Түркістандық азамат жоғары оқу орнын бітірмеген. Бұған дейін ол жұмыста құрылысшы, жүргізуші болып жұмыс істеп келген.

«Ағылшын тілін, біріншіден, үйрендім деп айтпас едім. Үйреніп жүрмін. Туристерге келер болсақ, бұл қарапайым қажеттіліктен туындайтын мәселе ғой. Олар келгеннен кейін, әлбетте, қызмет көрсету керек. Қазақта «үйден қырық қадам аттасаң, мүсәпірсің» дейді ғой. Тілге бір қадам жақсы болғаннан кейін біреулер әжетхана қайда екенін сұрайды. Өтінеді. Түсіндіріп жіберемін. Сусын іздеген кезде қайдан алуға болатынын да сұрайды. Оны да көрсетіп жіберем. Сонымен жалғасып кете береді», - дейді Ілияс Шер.

Күзетші тың ұсыныстар болса басқа жұмысқа ауысуға дайын екенін айтты.

«Жоғары білім жоқ болған соң кім жұмысқа алады? Дұрыс қой, ол үшін растайтын құжат болу керек. Алла нәсіп етсе, ұсынысттар болар. «Адамның басы – Алланың добы»,— дейді. Неге болмасқа? Халыққа жарасақ, қызметіне дайынбыз. Тарихты түсіндіруге даярмыз. Ел өссін, мемлекет көркейе берсін. Әлемге танымал бола берейік», - дейді ол.

Пікірлер