Қарқаралы мен Баянауылдағы дала өрті 45 мың гектар жерге тарап үлгерді

4085
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы және Павлодар облысының Баянауыл табиғи паркіндегі дала өрті 45 мың гектар жерге тарап үлгерген. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы өрттің жалпы ауданы 45 мың га құрады. Бұл ретте Павлодар облысындағы дала өрті алдын ала 10 мың га алқапта оқшауланғанын еске саламыз»,—деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.

Вице-министр Ерлан Нұрпейісов Қарағанды облысына барып, жағдайды бақылауға алды.

Айта кетейік, өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдарынан 386 адам, 64 бірлік техника, ТЖМ мен Қорғаныс министрлігінің әуе кемелері жұмылдырылуда.  Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 30 рет 50-ден астам тонна көлемінде су төкті.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіру кезінде ТЖД қызметкері Хали Хайраттың қаза тапқанын жазған едік.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер