Тұтынушылар құқықтары қорғалуы тиіс

2480
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті ағымдағы жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілеріне жоспардан тыс 10 тексеру жүргізген. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектілері 9 жағдайда ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылса, бір тексерудің нәтижесі бойынша айыппұл салынған.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Эльмира Киматова айтып берді.

 

Департамент басшысы Эльмира Нұрқызының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жыл басынан бері 434 жазбаша өтініш келіп түскен.

Осы саннан 97 өтініш құзыреті шегінде қарау үшін өзге мемлекеттік органдарға жіберілген, өтініш берушілер 24 өтінішті кері қайтарып алған. Қалған 313 өтінішті мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде қарады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Департаментке 193 азамат консультативтік көмек алу үшін жүгінген.

Жоғарыда аталған кезеңде Департаментке «қауырт желі» телефоны бойынша 257 өтініш келіп түскен. Өтініш білдіргендердің барлығына консультациялық көмек көрсетілген.

 

Департамент заңнамаға сәйкес бизнес субъектілеріне тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізуге құқылы. Мемлекеттік орган өткізілген тексерулердің нәтижелері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 190-бабының 5-бөлігі, 6-бөлігі, 193-бабы 1-бөлігі бойынша сатушыларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға құқылы.

Департамент жүргізген барлық жұмыстардың нәтижелері бойынша тұтынушыларға сапасыз тауар үшін, заңнамада белгіленген 14 күн мерзімде сапалы тауар үшін ақшалай қаражатты қайтаруға, сапасыз көрсетілген қызмет үшін ақшалай қаражатты қайтаруға жәрдем көрсетті. Тұтынушыларға ақшалай қаражатты қайтарудың жалпы сомасы 57 млн 410 мың теңгені құрады.

Департамент заңнамаға сәйкес сот процестерінде талапкер болуға және талап арыздарды сотқа жіберуге құқылы. Осы орайда Эльмира Нұрқызы бірнеше процестерге тоқталып өтті.

–  Департамент сот процесіне У. тұтынушының автокөлік құралдарын сатумен айналысатын серіктестікке талабы бойынша үшінші тұлға ретінде қатысты. Талап арызға сәйкес У. жауапкерден көлік сатып алды. Автокөлікті пайдалану барысында тұтынушы келесі ақауларды анықтайды: көлікте жүргізушінің алдыңғы әйнегі қозғалыс кезінде қыста қатып қалады, бұл көрінуді шектейді, су артқы сол жақ әйнектен келеді, тежегішті басқан кезде автоматты қораптан жарықшақ шығады. Жоғарыда аталған ақаулардың кепілдік мерзімі аясында орын алуына байланысты тұтынушы сатушыға наразылық жіберді, бірақ тараптар арасындағы мәселені шешуге наразылықты жіберу нәтиже бермеді. Осыған байланысты тұтынушы Департаментке, содан кейін сатушыға қатысты сотқа талап арызбен жүгінді.

Сот талқылауы барысында сатушымен бірге сот талқылауына автомобиль өндірушісінің өкілдері тартылды. Сот процесінде өндірушінің өкілдері талапкердің талап арызында көрсетілген ақаулар зауыттық ақау екенін растады. Тұтынушы тауардың кемшіліктерін анықтаған және оны ауыстыру туралы талап қойған жағдайда тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманың нормаларына сәйкес сатушы тауарды дереу ауыстыруға, ал қажет болған жағдайда тауардың сапасын сатушыға тиісті талап қойылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қосымша тексеру жүргізуге міндетті, – дейді сала басшысы.

Нәтижесінде, тұтынушының талап-арызы бойынша азаматтық істі қарау қорытындысы бойынша сот талапкердің пайдасына мынадай мөлшерде ақша сомасын өндіріп алу туралы шешім шығарған. 7 100 000 теңге – автокөліктің құны, 71 000 теңге-тұрақсыздық айыбының сомасы.

Сондай-ақ, Департамент талапкер автокөлік сатып алушы болған кезде осыған ұқсас процеске қатысқан. Шешімге сәйкес сот жауапкерден өзге шығыстардан басқа автокөліктін құнын 17 млн 210 теңге көлемінде өндіріп алу туралы шешім шығарыпты.

            Сондай-ақ талапкерлер жауапкерден арбитражды оқыту бойынша тәлімгерлік курсын сатып алған. Осы курсқа сәйкес Талапкерлерді ақша табуға, валютаны онлайн режимінде айырбастауға үйрету керек болады. Оқыту офлайн режимде өткен. Алайда, талапкерлер бұл курсқа қанағаттанбай, жауапкерден ақшаны қайтаруды сұрайды.

Азаматтық істі қарау барысында оқу аяқталғаннан кейін аттестаттау жүргізілмегені, сертификат берілмегені анықталған. Жауапкердің айтуынша, сертификат ағымдағы жылдың маусым айының басында жіберілген, сонымен бірге тұтынушылар сертификаттарын алмаған. Заңнама нормаларына сәйкес орындаушы тапсырыс берушінің алдында шарттық міндеттемелерді тиісінше орындағаны үшін жауапты болады.

Азаматтық істі қарау нәтижелері бойынша сот азаматтардың талап арызын қанағаттандыру және жауапкерден әрбір талапкердің пайдасына өндіріп алу туралы шешім қабылдап, 390 000 теңге мөлшеріндегі сома – оқу курсының құны, өкілге көмек төлеу бойынша шығыстар 39 000 теңге төленген.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Пікірлер