Үнемі бірге жүреміз: Баянауыл ауданында төрт келін дауыс беруге келді

1282
Adyrna.kz Telegram

Тасыбаевтар әулетінің келіндері  Қызылтау ауылдық округінде №194 учаскеде таңдау жасады.

Ауызбіршілікті ұстанған, бес саусағынан өнер тамған өнерлі келіндер бүгінгі ел болашағы үшін маңызды күнде бірліктің үлгісін көрсеткен.

Бір әулеттен шыққан сегіз келіннің төртеуі бір отбасынан болса, төртеуі – немере келіндер.

–  Біз той-думандарда үнемі бірге жүреміз. Төрт абысын ауылда тұрса, төртеуі қалада тұрады. Ең үлкен абысынымыз Рымгүл Тасыбаева «Жұлдыз» шағын орталығының тәрбиешісі. Оның өзінің келіні бар. Ата-енемнің қолында жеті келін болса, мен – ең кенжесімін, – дейді бастауыш сынып мұғалімі Назым Тасыбаева.

Ауылдың көркеюіне үлес қосып келе жатқан әулеттің балалары мен немерелері түрлі салада – ұстаздықтан бастап, мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуде.

Айта кетерлігі, Тасыбаевтар әулетінің келіндері Алматыда өткен республикалық «Абысын-ажын» ІІІ республикалық байқауында жүлделі ІІ орынды иеленген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер