АЭС туралы айтуға жарамады. Назарбаев дауыс беру кезінде тек бақыт тіледі

1085
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумад дауыс берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұрынғы мемлекет басшысы «Астана Опера» театрында орналасқан 256-сайлау учаскесінде дауыс берді. Дауыс беру кезінде алыс тұрған журналистер "Сіз Қазақстанда жүріп жатырсыз ба?" "АЭС туралы пікіріңіз қалай?" деп сұраған.

Ол бар болғаны «Бақытты болыңдар! Табысты болыңдар!», - деген журналистерге. Экс-президент үшін залға микрофон қою қарастырылмаған.

Журналистердің экс-президентке сұрақ қоймақ болған әрекеті жауапсыз қалды. Бұрынғы басшымен ілесіп жүрген баспасөз хатшысы Айдос Үкібай журналистер алдында экс-президенттің көмекшісі ғана сияқты әсер қалдырған.

Дауыс беріп болған соң Назарбаев көп бөгелмей теріс айналып жүре берді. Оны қорғаушылары қаумалап жүргені байқалды.

Пікірлер