Жәнібектің жекпе-жегінде Қазақстанның ескі әнұраны қойылды. Өзі наразы болды

4675
Adyrna.kz Telegram
luxfm.kz
luxfm.kz

Спортшы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шығар алдында ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының ескі әнұранын қосқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Австралияның Сидней қаласында өткен бокс кешінде ұйымдастырушылар жаңа зеландиялық Андрей Михайловичке өз елінің әнұранын, ел спортшысына Қазақстанның ескі гимнін қосқан.

Жәнібектің жекпе-жегінде Қазақстанның ескі әнұраны қойылғанына жаттықтырушылар мен көрермен қарсы болды. Алайда наразылыққа қарамастан ескі гимн толық шырқалған.

Жекпе-жекті көрсетіп жатқан Qazsport телеарнасының комментаторы бұл әрекетке қатысты жекпе-жек алдында қазақстандыққа әдейі қысым көрсетудің амалы болуы мүмкін деген пікірін білдірген еді.

Айта кетейік, 4 қазан күні қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық Андрей Михайловичты тоғызыншы раундта нокаутпен құлатып,  жеңіске қол жеткізді.

Пікірлер