Қазақстан-Ресей шекарасы. Бірлескен комиссияның кезекті отырысы өтті

988
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/8e6896f5-a57b-4bcd-b061-5f90a4d7823b-960x500.jpeg?token=936b4be2128551a31bb318ca3bae30d6
Шекараны демаркациялау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының кезекті, 142-ші отырысы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 4 қазан күні кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараның жекелеген учаскелерін белгілеуге қатысты құжаттардың жобаларын мақұлдады. Сонымен қатар, мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге қатысты мәселелер талқыланып, биылғы жылғы дала жұмыстарының қорытындысы шығарылды. Ендігі кездесу 2024 жылдың қазан-қараша айларында Қазақстанда өтеді. Айта кетейік, 26 тамыз күні Ресей мен Қазақстан кейбір аймақтардағы шекараны бекіту мәселесін талқыланған болатын.
Комментарии