9000 қазақстандық "Отау" мен "Наурыз" бағдарламаларының қатысушысы атанғаны туралы көптен күткен ақжолтай жаңалық естіді.
Өтініш берушілер мен тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың толық тізімі Отбасы банкінің ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) ресми сайтында жарияланған - https://hcsbk.kz/ru/to-get-a-loan/otau/ және https://hcsbk.kz/ru/to-get-a-loan/nauryz/.
Барлығы 25 623 өтінім өңделді.
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі Алматы (2 699) және Астана (2 020) қалаларынан. Сондай-ақ көшбасшылар қатарында Шымкент қ. (781), Батыс Қазақстан (462) және Ақтөбе облыстары (401) бар.
"Отау" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша тізімге енген 9000 адамның 1 818 – баспана кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері.
"Отау" және "Наурыз" бағдарламаларына қатысушылардың көпшілігі – 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар. Бұл 5 457 адам. Енді олардың әрқайсысы қолжетімді шарттар бойынша өз үйлерін сатып ала алады. Жас азаматтар үшін бұл үлкен көмек. Өйткені, өз шаңырақтарының болуы оларға ертеңгі күнге деген сенімділік, қаржылық тұрақтылық пен тәуелсіздік береді. Баспаналы болған жас қазақстандықтарға болашақты жоспарлау, отбасын құру және мансабын дамыту оңайырақ.
Ең жас қатысушы – Шымкент қаласының тұрғыны Ермек Жарқынбек. Ол 25-қыркүйек 18 жасқа толған күні өтініш беріп, қатысушылар тізіме өткен.
"Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының шарттары бойынша жеңілдетілген заемдарды 63 жастан аспайтын қазақстандықтар ала алады. Қарағандылық Зәуре Оразбекованың айы оңынан туып, ол 64 жасқа толуына бір ай ғана уақыт қалғанда өтінім беріп, қатысушылардың қосымша тізіміне сәтті еніп үлгерген.
Қосымша тізімге қатысушылардың 48,8% - тұрғын үй сатып алу үшін республикалық маңызы бар қалаларды, 31,6% - облыстық маңызы бар қалаларды, 17,5% - аудандарды және 2,1% - моноқалаларды таңдаған.
3 - 18 қазан аралығында (қоса алғанда) бағдарламаларға қатысушылар несиелік өтінім беріп үлгерулері қажет. Оны Отбасы банк бөлімшелерінде, онлайн банктің ресми сайты (https://hcsbk.kz) немесе Баспана маркет порталында (https://otbasybank.kz/) бейне-қоңырау шалу арқылы, сондай-ақ 7 қазаннан бастап кеңесшілердің көмегімен жасауға болады.
Егер қосымша тізімге қатысушы заем бойынша мақұлдау алса, онда оған тездетіп, 29-қарашаға дейін (қоса алғанда) баспана тауып, оны сатып алу керектігіне назар аударамыз.
Ұпайлар қалай есептеледі?
- салым бойынша сыйақы мөлшері - әрбір 1 000 теңге үшін 1 ұпай;
- тіркелген некенің болуы - 5 ұпай;
- балалардың болуы - 10 ұпай (балалар санына қарамастан);
- халықтың әлеуметтік осал топтары (ХӘОТ) мәртебесінің болуы - 10 ұпай;
- 35 жасқа дейінгі жас (қоса алғанда) – 5 ұпай.
"Отау" және "Наурыз" бағдарламаларының шарттары:
- алғашқы жарна - 20%-дан бастап;
- тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 7% (ЖТСМ 7,3%-дан 8,9% дейін);
- азаматтардың барлық санаттары үшін кредит бойынша мөлшерлеме - 9% (ЖТСМ 9,3%-дан 11,8% дейін);
- несие мерзімі - 19 жылға дейін.