Ақмола облысында ауыл мектебінде жас информатика мұғалімі-полиглот жұмыс істейді

801
Adyrna.kz Telegram

Қостомар ауылының жалпы орта білім беретін мектебіне жаңа 2024-2025 оқу жылында Астана қаласының халықаралық университетін бітіріп келген үздік түлектерінің бірі – Елдос Төлеуханов «Информатика» пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды.

Аз уақытқа қарамастан жас маман ретінде Елдос Саматұлы ұжыммен, оқушылармен тез тіл табысып, қазіргі заман талабына сай негізгі ІТ мамандықтардың қатарына кіретін пәнді игертіп келеді. Өзі білім алған «Білім-инновация» лицейінен, AIU университетінен үйренгені көп, соны педагогика саласында жетілдіріп, тәжірибесінде қолданып жүр.

Информатика пәнімен қатар, Елдос Саматұлы бірнеше тілді, атап айтсақ: қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін жетік меңгеріп, жұмыс барысында қолдануда.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» мақалын ұранға айналдырған ұстазымыз оқушыларға алдымен ана тілін толық білу керектігін айтады. Ал басқа әлем тілдері қосымша қызығушылық ретінде қарастыруды жөн санайды. Информатика пәні бойынша көптеген термин сөздердің мағынасын ашып, оқушылардың сол термин сөздерді толық түсінуге мүмкіндік жасауда.

Саяхаттауға жаны құмар Елдос Саматұлы осы тілдерді меңгеру арқылы біраз шет елдерге саяхаттап, тілін, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін тануда зор ықпал болғанын айтты. Қазірге кезде басқа да шет тілдерін қытай, француз, испан-португал тілдерін үйреніп жүр.

Айта кетейік, биыл облыс мектептеріне 1300-ден астам педагог келді, оның ішінде 625 жас мұғалім.

Пікірлер