Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры қамауға алынды

441
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Аuezov.edu.kz
Сурет: Аuezov.edu.kz

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қайрат Нұрманбетов екі айға қамауға алынды. Ақпаратты Шымкент қаласы сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдікті Қайрат Нұрманбетовке қатысты 2024 жылғы 18 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 18 қарашаға дейін екі айға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, кепіл мөлшері белгіленген жоқ», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Otyrar телеарнасы ректордың 28 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінгенін жазған еді. Қазір оқиғаға қатысы бар тағы екі адамға қатысты іс қозғалды.

Пікірлер