Бес аптаға созылған республикалық экологиялық акция аясында Таразда тазалық жұмыстарын жүргізу, тал балақтау, аула, ескерткіш маңдарын абаттандыру бағытында жалпы 153 іс-шара ұйымдастырылып, оған 17 151 тұрғын қатысты.
Атап айтқанда, «Таза өлке» апталығы аясында көпқабатты үйлердің аулаларына, қала көшелеріне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 2 175 (ясинь – 1423, қарағаш – 183, шырша – 46, сирень – 111, ақ қайың – 28, акация – 10, павления – 13, туя – 88, можжевельник – 132, мальва – 62, қарағай – 79) ағаш көшеттері отырғызылды.
«Киелі мекен» апталығы аясында тарихи мәдени ескерткіштердің маңын абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 5 146 ағаш(қарағаш – 5 000, ясинь – 30, туя-10, мальва-64, қарағай-15, шырша-17, қарағаш – 10) көшеттері мен 500 раушан гүл отырғызылды.
«Жасыл аймақ» апталығында скверлерде, қала көшелеріне, саябақтар мен шалғай аумақтарға 2 453 ағаш(шырша – 60, ясинь – 140, қарағаш – 2100, мальва – 230, туя – 30, жеміс ағаштары – 100) көшеттері отырғызылды.
«Өнегелі ұрпақ» апталығында қаланың белсенді жастары, «Жасыл ел-Тараз» мекемесінің қызметкерлері ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарттар үйіне санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаш бұтау, сырлау жұмыстарын жасады. Сонымен қатар, зиялы қауым өкілдерімен TEDx форматта еркін сұхбаттасу ұйымдастырылды.
«Мөлдір бұлақ» апталығында су қоймаларының айналасы, өзен-көлдерді күл-қоқыстан, жабайы шөптерден тазалау жұмыстары жүргізілді.
«Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету» аясында Тараз қаласы аумағында 3 435 дана тал кесілді, 32 шақырымды құрайтын арықтар тазаланды,18 865 тонна қоқыс шығарылды.
Осы акция негізінде қала аумағында «Қапал», «Үшбұлақ», «Қарасу-1, 2», «Төрегелді» каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ осы күні «Ұлы дала» ықшам ауданында «Біздің аула» атты тұрғындардың қатысуымен ағаш отырғызу, тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. «Әулие бұлақ» каналының бойында волонтерлар тазалық жұмыстары өткізіп, «Үздік волонтер» анықталды.
Жалпы тазалық – баршаның игілігі. Таза қала – Таразға қамқорлық жасау – әрбір тұрғынның міндеті.