Байден Израиль премьер-министрімен Таяу Шығыстағы жағдайды талқыламақ

705
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Джо Байден жақын арада Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен сөйлесіп, Таяу Шығыстағы жағдайды талқыламақ. Бұл туралы ол CNN арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Иә, мен онымен сөйлесемін. Барлығын біздің әңгімемізден кейін айтып беремін. Таяу Шығыстағы соғысты болдырмай, алдын алу керек»,—деді ол.

Еске салайық, Таяу Шығыстағы жағдай  әлі де шиеленісті. 27 қыркүйекте Израиль әскери-әуе күштері Бейруттің оңтүстігіндегі Дахия ауданына соққы жасаған еді. Нәтижесінде Ливан қозғалысының басқа да қолбасшыларымен қатар «Хезболла» тобының жоғары лауазымды қолбасшыларының бірі қаза тапты.

Пікірлер