Жансақтау бөлімінде жатыр. Атырауда екі жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен

991
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Атырауда бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Атырау Пресс"-ке сілтеп.

«Бүгін терезеден құлаған бала екі жас сегіз айлық. Оны бізге сағат 13:00-де жедел жәрдем көлігімен әкелді. Оның денесінде көптеген сынықтар бары және гематомамен жабық бассүйек-ми жарақаты бары айтылды. Сондай-ақ, қанның жиналуымен өкпенің контузиясы диагнозы қойылған. Қазір оның жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған жансақтау бөлімінде жатыр», - деді облыстық балалар ауруханасы емдеу бөлімі директорының орынбасары Ержан Есболаев.

Белгілі болғандай, оқиға бүгін түсте «Модерн сити» тұрғын үй кешенінде болған.

Пікірлер