Атырауда бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Атырау Пресс"-ке сілтеп.
«Бүгін терезеден құлаған бала екі жас сегіз айлық. Оны бізге сағат 13:00-де жедел жәрдем көлігімен әкелді. Оның денесінде көптеген сынықтар бары және гематомамен жабық бассүйек-ми жарақаты бары айтылды. Сондай-ақ, қанның жиналуымен өкпенің контузиясы диагнозы қойылған. Қазір оның жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған жансақтау бөлімінде жатыр», - деді облыстық балалар ауруханасы емдеу бөлімі директорының орынбасары Ержан Есболаев.
Белгілі болғандай, оқиға бүгін түсте «Модерн сити» тұрғын үй кешенінде болған.
其他材料
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз