Алматы облысы әкімдіктерінің 17 мемлекеттік қызметкері мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жазаға тартылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Жоғарғы есеп палатасының баспасөз қызметіне сілтеп.
«Құқық бұзушылықтар үшін облыстық атқарушы органдардың 17 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Облыстағы облыстық басқармалардың бірінің басшысына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуде», - делінген тексеру қорытындысы бойынша хабарламада.
Мамыр айында мемлекеттік аудит жүргізіліп, Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларының бірқатар бұзушылықтары анықталды.
Алматы облысының әкімі мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.