Талдықорған қаласының инфрақұрылымдық нысандарын аралау аясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Қызылтас шатқалына қатысты жағдайға пікір білдірді. Өңір басшысының айтуынша, петроглифтер тұрған жерлерде диорит өндіруге мүлдем тыйым салынады. Енді Қызылтастың бірегей петроглифтері жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілді.
"Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында ел Президенті бай мәдени мұрамызды сақтау үшін бірегей тарихи нысандарымызды, атап айтқанда петроглифтерді бүліну мен вандализмнен қорғау керектігін атап өтті. Экологтармен, жұртшылықпен, құзырлы органдармен бірлесіп, «Тасбақа» тас пен жартастағы петроглифтерді сақтау үшін қажетті шараларды қабылдадық. Карьерді игеру заң аясында тоқтатылды. Тиісті сот шешімі бар.
Аймақ басшысы 3 қазанда Қызылтас жотасының бойында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экоакция өтетін айтты. Сонымен қатар, барша қала тұрғындарын «Тасбақа» тасты сақтау үшін маңызды шараға қатысуға шақырды.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі