Мемлекеттік күзет. Ясауи кесенесі қауіпсіздігін полиция бақылайды

1115
Adyrna.kz Telegram
Фото: Lola Chatz
Фото: Lola Chatz

Премьер-министр тарихи ескерткіш Қожа Ахмет Ясауи кесенесін мемлекеттік күзет қорғайтынын мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген алғашқы қазақстандық нысан және ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіштеріне жатады. Оның маңыздылығы мен тарихи-мәдени құндылығын ескере отырып, мұраның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Үкімет «Әзірет Сұлтан» мұражай-қорығының қауіпсіздігін мемлекеттік күзеттің бақылайтыны туралы шешім қабылдады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойған.

Нысанның қауіпсіздігін ішкі істер органдарының тиісті бөлімшелері қамтамасыз етеді. Кесене Түркістан қаласында түркі ақыны және сопылық ілімнің негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи жерленген орында тұрғызылған.

Бұл кесене негізінен сегіз бөлмеден тұрады. Олар Тайқазан тұрған ортадағы ең үлкен залды айнала орналасқан.

Пікірлер