Бердібек Соқпақбаевтың зағип жандарға арналған кітабы жарыққа шықты

352
Adyrna.kz Telegram
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Балалар жазушысы, ақын Бердібек Соқпақбаевтың зағип жандарға арналған кітабы жарыққа шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Алматыдағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада ақынның туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты халықаралық онлайн конференция өтті.

Оған Қазақстан, Ресей, Өзбектан, Қырғызстан, Татарстан зағип және нашар көретін азаматтарына арналған арнайы кітапханалар қатысты. Жиында жазушы шығармашылығының өміршең тұстары, кейіпкерлерінің ерекше портреті жайлы пікірлер айтылды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, конференция аясында «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы» атты көрме ашылып, оның нүктелі-бедерлі қаріпте басылып шыққан туындылары таныстырылды. Сондай-ақ, Бердібек Соқпақбаевтың нүктелі-бедерлі қаріпте және аудио форматында жарыққа шыққан «Балалық шаққа саясат» кітабының тұсауы кесілді. Сонымен қатар Қазақ зағиптар қоғамының көркемөнерпаздар ұжымы мүшелері және кітапхана оқырмандарының қатысуымен Бердібек Соқпақбаевтың «Ана жүрегі» әңгімесінен театрландырылған қойылым көрсетілді.

Пікірлер