Оңтүстік Африкада қалың қар жауды

1025
Adyrna.kz Telegram

21 қыркүйекте Оңтүстік Африка Республикасында қалың қар жауды. Бұл туралы France24 телеарнасы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қолайсыз күн райына байланысты ел астанасы Йоханнесбург пен Дурбан қалаларын жалғайтын және басқа бірнеше тасжолдың кейбір бөліктері жабылды. Салдарынан жүздеген жүргізуші автокөліктерінен тастай алмай, жолда қалды.

«Провинциялар арасында қатынайтын автобустар жанармай құю станцияларында шамамен 7 сағат тұрып қалды»,— деп түсіндірді жол қозғалысын басқару корпорациясының қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Саймон Цванео.

Айта кетейік, синоптиктер жақын күндері Оңтүстік Африкада әлі де қар жауатынын мәлімдеді.

Пікірлер