Солтүстікте әйел адам жаяу жүргіншіні қағып кетті

931
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Солтүстік Қазақстанда әйел адам жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Шал ақын ауданы Сергеевка қаласында 30 жастағы әйел адам жүргізуші куәлігінсіз рөлді тізгіндеген.

Ол 66 жастағы зейнеткерді қағып кеткен. Зардап шеккен адам көз жұмды.

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады полиция.

Бейресми мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасын жасаған әйел жүкті болған.

Пікірлер