Ресейде коронавирустың жаңа XES штамы таралып жатыр

940
Adyrna.kz Telegram

Ресейде тұтынушыларды қадағалау органы ел ішінде коронавирустың жаңа штамы тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Қазақпаратқа сілтеп.

XES штамының белгілері бұрынғыға ұқсас екені анықталды.

"Алғаш рет 2024 жылдың маусымында Германияда табылған COVID-19 — XEC жаңа нұсқасы FLiRT омикронының бұрынғы субварианттарымен — KS.1.1 және KP.3.3 ұқсастықтары бар", - деп хабарлады Роспотребнадзордың баспасөз қызметі.

Коронавирустың жаңа нұсқасы бұрынғылары сияқты тез таралып жатқаны хабарланды. Дәрігерлер ауруды жұқтырғандардардың көбінесе иіс пен тәбеттің жоғалуы, бас ауруы, әлсіздік, жөтел, тамақ ауруы, қызба және мұрынның ағуы сияқты белгілердің болатынын айтады.

Пікірлер