Алматыда тағы бір оқушы қыз он үшінші қабаттан құлап кеткен

786
Adyrna.kz Telegram
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Әлеуметтік желіде Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінің 13-қабатынан құлап кеткен 12 жастағы қыздың өлімі туралы ақпарат таралуда, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Басылымның мәліметінше, оқушы қыз қосымша сабаққа бару үшін үйден шығып кеткен. Алайда ол 13 қабатты тұрғын үйге көтерілген.

Алматы полиция департаменті қыздың өлімін растады.

«Осы факті бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полицейлер интернетте марқұм қыздың қауіпті «Көгілдір кит» ойынын ойнады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

«Қайтыс болған баланың қауіпті ойындар ойнап, өз-өзіне қол жұмсау туралы жазба қалдырғаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз, Алматы қалалық полиция департаменті кез келген адам жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 

 

Пікірлер