БҚО-да апатты жоюға арналған құрал-жабдықтарды сатып алуға 960 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді

958
Adyrna.kz Telegram
фото: Алматы ТЖД
фото: Алматы ТЖД

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 960 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Мой город» сайтына сілтеп. 

«Ағымдағы жылы материалдық-техникалық базаны нығайтуға облыстық бюджеттен 962 млн теңге бөлінді, бір бірлік жоғары өтпелі авариялық-құтқару машиналары, жеті бірлік тіркемелі мотопомпалар, үш бірлік жылжымалы мотопомпалар және т.б. Тікұшақ қызметіне жергілікті бюджеттен 71 млн теңге бөлінді», - деді Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртке қарсы бақылау басқармасының басшысы Мереке Жұмағалиев.

Жұмағалиевтің айтуынша, өрт қауіпті кезеңде облыста жалпы ауданы 7050 гектарды құрайтын 17 табиғи өрт және 90 табиғи жану орын алған. 2023 жылмен салыстырғанда дала өрттерінің саны артқан.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен 8,6 миллион теңгеге 150 дана сөмкелік өрт сөндіргіш сатып алуға қаражат қарастырылғаны хабарланды.

Айтуынша, облыста барлығы 480 өрт оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан үш адам қаза тауып, тағы алты адам түрлі дәрежедегі жарақат алған. Келтірілген шығын көлемі 473 миллион теңгені құрады.

Пікірлер