ЖАСТАР ӘУЛИЕАТАНЫҢ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

143

Әулиеатада «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты тарихи экологиялық акциясы аясында «Менің тарихым, менің халқым, менің елім» атты облыстық жастар экспедициясы өтті, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ  баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Аталған іс-шараны Жамбыл  облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. "Қоғамдык келісім КММ Ғылыми-сараптамалық бөлімінің басшысы Альбина Тапаева экспедицияның басты мақсаты – өскелең ұрпақты қазақстандық бірегейлік пен патриотизм рухында тәрбиелеу екенін айтады. Сондай-ақ, ол жастарды өлкенің тарихымен таныстырып, ұлттық мұраны дәріптеу аса маңызды екенін ескертті.

– Біз жастарды  мәдени-рухани тұрғыда тәрбиелеп, қоғамдық келісімді қалыптастыруға шақыруымыз керек. Жастар арасында осында игі істер ұйымдастырсақ, халықтың бірлігі арта түсетіні жасырын емес. Сонымен қатар бұл жоба Қазақстан жастарын табиғатқа ұқыптылықпен қарауға және  табиғатты эстетикалық тұрғыда қабылдауға ықпал етеді. Экспедицияның тағы бір мақсаты тарихи ескерткіштерді дәріптеп, мәдени, рухани құндылықтар негізінде отансүйгіштік қасиетті нығайту болып саналады. Баршамызға белгілі қасиетті Әулиеата өңірінде ЮНЕСКО-ның тізіміне кірген тарихи-мәдени ескерткіштер өте көп. Оның үстіне Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша еліміздің 100 тарихи-мәдени ескерткіштері анықталды. Міне осы 100 нысанның 8-і біздің облысымызға тиесілі болып отырғаны үлкен мақтаныш. Жалпы экспедиция  жас ұрпақты Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін сақтап, қалпына келтіруге және дамытуға тәрбиелейді, – дейді  Альбина Тапаева

Экспедицияның бағыты облыстың бірқатар аймақтарын қамтыды. Акцияға қатысушылар екі топқа бөлініп, екі бағытта облысымыздың киелі, тарихи-мәдени жерлеріне экскурсия жүргізді. Бірінші  бағыттағы топ Тараз қаласы, Байзақ, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай, Меркі аудандарының киелі жерлер тарихымен танысса,  екінші бағыттағы топ Тараз қаласы, Жамбыл, Жуалы, Талас, Меркі аудандарына саяхаттады.

Сонымен қоса экспедицияға қатысушы Жамбыл облысы  Қазақстан халқы ассамблеясы «Ақ желкен» жастар лигасы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабының мүшелері және экспедиция ұйымдастырушылары Республика көлемінде өтіп жатқан #Birge#TazaQazaqstan экологиялық акциясын  қолдап, акция аясында Шу қаласындағы  «Баян сұлу» ескерткіші маңындағы саябақта тазарту жұмыстарын жүргізді. Акцияның маңыздылығы жоғары, бұл экспедиция шілденің 31-не дейін жалғасын тапты.

"АДЫРНА"

ұлттық порталы

Пікірлер