«Халық қаһарманы». ҰҚК экс-төрағасы туған күні қарсаңында Ақордаға барды

708
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Бүгін, 16 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Халық қаһарманы Сәт Тоқпақбаевқа айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордендерін салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы жиында арнайы сөз сөйлеп, Сәт Тоқпақбаевты қалың жұртшылық құрметтейтінін, оның еңбек жолы ел өмірімен тығыз байланысты болғанын айтты.

– Сіз қастерлі Отанымызға адал қызмет еттіңіз. Енді ғана тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болған жылдары аса жауапты міндеттерді атқаруға білек сыбана кірісіп кеттіңіз. Еліміздің тыныштығы мен тұтастығын сақтау үшін орасан зор үлес қостыңыз. Шын мәнінде, мұны нағыз ерлік деп бағалауға болады. Қазір де қоғамға пайдалы істерді атқарып жүргеніңізді біз жақсы білеміз. Еліміздің лайықты азаматысыз, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Бұған дейін Сәт Тоқпақбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілгенін жазған едік.

Пікірлер