Полицей болып киініп, елді тонаған. Ер адам бес жылға сотталды

640
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ақтөбе тұрғыны полицей болып киініп, өтіп бара жатқан адамдарды тонаған. Бұл туралы  «Диапазон» басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпарат бойынша, бірінші жағдайда ол көшеде кетіп бара жатқан ер адамға жақындап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, құжаттарын көрсетуді сұрағані. Бейтаныс адам қорқып кетіп, қолында құжаттары болмағандықтан, телефоны арқылы цифрлық куәлігін көрсеткен. Жалған полиция қызметкері құжатты көру үшін телефонды қолына алып, ары қарай қашып кеткен.

Тағы бір жағдайда, өтіп бара жатқан адамнан қымбат сымсыз құлаққаптарын көреді. Ол өзін сол сценарий бойынша полиция қызметкері ретінде таныстырып, дәл осындай құлаққаптар бұрын ұрланғанын айтады да imei кодын салыстыруды сұрайды. Содан ол полиция бөліміне баруды ұсынады, бірақ жолда таксиге қоңырау шалып, қашып кетуге тырысты. Құлаққап иесі жалған полицейдің әрекетін түсініп, жүргізушіден тоқтауын өтінеді, алайда ұры қашып үлгереді.

Дегенмен жалған полиция қызметкері көп ұзамай қолға түсті. Сот ер адамды заңсыз әрекеті үшін бес жылға бас бостандығынан айырды.

Пікірлер