Байден: «Ресей Украинамен соғыста жеңіске жете алмайды»

1639
Adyrna.kz Telegram
фото: Chip Somodevilla
фото: Chip Somodevilla

АҚШ президенті Джо Байден мен Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер жұма күні Ақ үйде өткен кездесуде Ресей мен Украина арасындағы қақтығыста толықтай Украинаны қолдайтынын растады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Америка дауысы" радиосына сілтеме жасап.

АҚШ-Британ келіссөздерінің күн тәртібінде Киевке Ресей аумағына терең соққы беру үшін алыс қашықтықтағы зымырандарды қолдануға рұқсат беру мәселесі қозғалды. Украина президенті Владимир Зеленский Вашингтон мен Лондон басшыларын дәл осылай жасауға шақырады.

«Ресей президенті Владимир Путин Украинамен соғыста жеңіске жете алмайды», - деді Байден кездесуде.

Екі елдің көшбасшылары «Иран мен Солтүстік Кореяның Ресейге қару-жарақ жеткізуі мен Қытайдың Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенін қолдауына» қатты алаңдаушылық білдірді.

Бұған қоса, Ақ үйдің баспасөз қызметі Байден мен Крамер Израильдің қауіпсіздігіне, атысты тоқтату туралы келісімге жедел қол жеткізуге және кепілге алынғандарды босатуға деген мызғымас ұстанымдарын қуаттады деп хабарлады. Екі көшбасшы да Иран қолдайтын хусилердің Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне жасаған шабуылдарын айыптады.

Сейсенбі күні ертерек президент Байден Украинаның ұзақ қашықтыққа ұшатын зымырандар туралы өтінішімен «жұмыс істеп жатқанын» айтты. Бейсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин мұндай қарар НАТО-ның Ресеймен соғысып жатқанын білдіреді деп мәлімдеді.

Пікірлер