СҚО-да 497 миллион теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

603
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Солтүстік Қазақстан облысында 497 миллион теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпарат бойынша, Жер кодексі талаптарын бұзған және мақсатсыз қолданылған жерлер қайтарылды.

«Жыл басынан бері прокурорлар жалпы құны 497 миллион теңгеден астам жер телімдерін мемлекетке қайтарды»,  делінген хабарламада.

Мысалы, Тайынша және Уәлиханов аудандарында Жер кодексі талаптарын бұза отырып, меншік иелері ұзақ уақыт бойы жалпы көлемі 25,1 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған.

Сот қадағалау шаралары арқылы жер мемлекет меншігіне қайтарылып, бүгінгі күні заңды экономикалық айналымға тартылуда.

Пікірлер