Карантиндік нормаға қайшы. Қазақстанға Қытайдан әкелінген көшеттер кері қайтарылды

722
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда Қытайдан әкелінген көшеттерді кіргізуге рұқсат берілмеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

«Фитосанитарлық талаптарға сай келмейтін сәндік ағаш көшеттері Қытай Халық Республикасына қайтарылды. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде «Қорғас» ФКП-да рұқсат етілген нормадан 0,1%-дан асатын көшет партиясы анықталды. Аталған заң бұзушылыққа байланысты өнім иесіне «Өсімдіктер карантині туралы» заң мен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, бүкіл партия ҚХР-ға қайтарылды», - делінген сәрсенбі күні таратқан хабарламада.

Атап өткендей, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес отырғызу материалдары топырақтан таза болуы керек, өйткені ол карантиндік объектілердің тасымалдаушысы бола алады.

Пікірлер