Президент орталығында мемлекет басшысының жолдауы бойынша сарапшылық талқылау өтті

2721
Adyrna.kz Telegram

2024 жылғы 11 қыркүйекте Астана қаласында, Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын сарапшылық талқылау бойынша Мемлекет тарихы институтың базасында отырыс өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты Президент ұсынған реформаларда заң үстемдігін нығайту, экономикалық өсімді қолдау және қоғамдағы оптимизм деңгейін арттыру мәселелеріне сараптамалық талдау жасау болды.

Іс-шараның ашылуында мәслихаттың депутаттық корпус өкілі, Ақмола облысы Қосшы қалалық мәслихатының депутат Динара Райханова сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы ұсынған реформалардың халық әл ауқатын көтеруге бағдарлануын баса айтты. Іс-шараны модераторы ретінде Мемлекет тарихы институтының директоры Нұрбек Пұсырманов жүргізді.

Іс-шара барысында ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Қолданбалы экономика зерттеулері орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар салық жүйесін реформалау және мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттырудағы негізгі мәселелерді талқылады. Олар экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін бюджеттік процесті оңтайландырудың және мемлекеттік шығыстардың ашықтығын арттырудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің директордың орынбасары Алуа Жолдыбалина мемлекеттік басқару реформаларын өңірлік ерекшеліктерге бейімдеу мәселелерін талқылады. Бұл орайда, сарапшы өңірлік ерекшеліктердің мемлекеттік қызметшілерге қатысты талаптардағы диспропроциясы, ресурстары мен инфрақұрылымы жеткіліксіз аймақтарда мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асырылуындағы қиындықтарға назар аудартты.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Төраға Орынбасары Нұрлан Өтешов пен ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты Бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Әлімжан Бекмағамбетов жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру жолдарын қарастырды. Олар кәсіби білім беру бағдарламаларын дамыту және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру арқылы осы мәселені шешуді ұсынды.

Қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ-тың Басқарма төрағамының орынбасары Олжас Бейсенбаев цифрлық қылмыстардың көбеюіне байланысты қаржылық сауаттылық пен цифрлық гигиена дағдыларын халық арасында кеңінен таратудың маңыздылығын талқылады. Сарапшы бұл дағдылардың білім беру бағдарламаларының жеткіліксіз деңгейде болуына байланысты баяу таралып жатқанын атап өтті және осы мәселені шешудің жолдарын ұсынды.

Еуразиялық интеграция институтының ғылыми-теориялық талдау және әдіснамалық қамтамасыз ету департаментінің басшысы Арман Ешмұратов құқықтық мәдениет қалыптастыруда жеке жауапкершілік пен ұжымдық қауіпсіздіктің маңыздылығын талқылады, осы тұрғыда адамның құндылық ретінде бағдарына назар аударды.

Талқылауларға экономика, саясаттану, мемлекеттік басқару және гуманитарлық ғылымдар саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.

 

Пікірлер