Алматыда мәйіттерді зорлады деп айыпталған күдіктінің ісі тоқтатылды

932
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Алматы прокуратурасы мәйіттерді зорлады деп айыпталған күдікті ер адамға қатысты тергеу барысына түсініктеме берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сәйуір айында Алматы қаласында некрофилияға күдікті азаматтың ұсталғаны белгілі болды. Бірнеше күннен кейін әділет министрлігі жағдайға түсініктеме беріп, күдіктінің сот сараптама орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасы жоқ екенін мәлімдеді. Ведомство өкілі мәйітханада күзетшінің 2022 және 2023 жылдары тендерді жеңіп алған жеке компанияда жұмыс істегенін айтты.

Алматы прокуратурасы 24 сәуірде “Мәйіттерді қорлау” фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Алайда қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімін үзу туралы қаулы шығып, тергеу тоқтады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабының 7-бөлігінің 4-тармағы бойынша күдіктінің психикасында ауытқу немесе өзге де ауыр сырқаты бар екені анықталса, тергеу тоқтайды.

Еске салсақ, Алматыда мәйітхана күзетшісі мәйіттерді зорлап, оны видеоға түсіргені айтылған еді. Күдіктінің бұл ісі туралы ломбард қызметкері телефонындағы видеолардан байқап, полицияға хабар берген еді.

Пікірлер