Астанадағы N5 мектеп-гимназиясының жанынан 14 жастағы қыздың мәйіті табылды. Полицейлер әлеуметтік желіде пайда болған басылымға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратта мәйіттің мектеп жанындағы қаңырап қалған ғимараттан табылғаны айтылған. Видеодан ғимараттың бұрын балабақша болғаны да аталады. Басылым авторы қараусыз қалған ғимараттың қоршаумен қоршалмағанын және кез келген адам ішке емін-еркін кіре алатынын хабарлайды.
Полиция департаменті мәйіттің табылғаны туралы ақпаратты растады.
«10 қыркүйекте мәйітті тексеру кезінде дене жарақаттары анықталмаған, қыздың табылғаны туралы хабарлама келіп түсті, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің ережелеріне сәйкес басқа деректері жария етілмейді», - деп хабарлады полиция департаментінен.
Ал, жергілікті тұрғындар бұл ғимаратта бірнеше рет түрлі оқиғалар орын алғанын жазуда. Айтуларынша, бұған дейін мұнда шатыр жанып, ер адамның денесі табылған.