Автокөліктің құжаттарын үйден шықпай-ақ рәсімдеуге болады

2059
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2019/08/a71f8dbc-eb89-49bb-945a-5d377bdae9a7.jpg
Өскеменде АвтоЦОНның есігін ешкім бұзып кірген жоқ. Әлеуметтік желілерде таратылған бейнежазбаны халық дұрыс түсінбей қалған. Бұл туралы ШҚО-дағы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамені басшысының орынбасары Қайрат Сапарғалиев мәлім етті. – Қазіргі күні облыс орталығындағы АвтоЦонда сағаттап кезек күтіп тұрмайсыз. Әрине, шілденің басында мұндай оқиғалар болған. Мұны жасырмаймыз. Бірақ қазір бұл мәселенің бәрі реттелді, - дейді Қайрат Сапарғалиев. Мамандандырылған қызмет көрсету орталығынның жүктелісін азайту мақсатында бүгінде Өскемендегі Сәтпаев, Қазақстан және Мыза көшелерінің бойындағы ХҚКО-нан қосымша "терезе" ашылыпты. Енді сол жерлерге барып, автокөліктің құжаттарын тез арада рәсімдеуге болады. Сонымен қатар, үйде отырып-ақ интернеттің көмегімен құжаттарды алуға өтініш білдіріп, бір сағаттан соң "автоцоннан" дайын құжаттарды алып кетуге болады дейді мамандар.
Комментарии