«Әнұранның қосалқы авторы Назарбаев емес, Айтұлы болуы тиіс»

886
Adyrna.kz Telegram
Сурет: adebiportal.kz
Сурет: adebiportal.kz

Белгілі қоғам қайраткері, айтыс ақыны Бауыржан Халиолла Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Ақиқат түбі айтылуы тиіс» деген жазба жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтыскер өз сөзінде: «Егер әнұранның қазіргі мәтініне міндетті түрде қосалқы автор аталуы керек болса, ол Несіпбек Айтұлы болуы тиіс. Өйткені бұрынғы сөзіне аз-маз өзгеріс енгізіп, бүгінгі кезеңге лайықтаған Назарбаев емес Несағаң еді. Оны көзі тірісінде өзі талай айтқан, айналасы да біледі!»— дейді.

Қазіргі әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әнінің сөзін Жұмекен Нәжімеденов пен әнін Шәмші Қалдаяқовтар 1956 жылы жазған. Содан бері бұл туынды қазақ халқының рухын көтеретін әндердің бірі болып келді. 2006 жылдың 7 қаңтарында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық заң күші бар Жарлық шығарып, аталған әнді мемлекеттік рәміз – Әнұран ретінде бекітті. Экс-президент ән мәтініне аздаған өзгерістер енгізіп, өз атын да Мемлекеттік рәміздің авторлығына қосқызған болатын.

Асыл Абай

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер