Елдос Сметов туған күнінде құттықтаудан бұрын сынға қалды

1103
Adyrna.kz Telegram

Бүгін — Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің туған күні, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері 1992 жылдың 9 қыркүйегінде Жамбыл облысы Лугов ауданына қарасты Каменка (қазіргі Жалпақсаз) ауылында өмірге келген. Ол — Париж Олимпиадасының жеңімпазы, Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Токиода өткен ХХХІІ жазғы Олимпиадасының қола жүлдегері.

Спортшы 5 жасынан бері дзюдомен белсене араласып келеді. Ол 1998 жылы 6 жасында Алматыда өткізілген республикалық турнирдан өзінің алғашқы жеңісіне ие болды. Кейін Елдос Сметов Астанадағы және Алматыдағы спорт интернаттарында оқыды.

Қазіргі таңда желі қолданушылары Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында бірге жүрген Бекболат Тілеухан мен Елдос Сметовтің видеосын қызу талқылап жатыр.

«Чемпионның қасында Бекболат не істем жүр?», «Елдос, дұрыс жол таңдамапсың», «Сатқын»,—деп жазды олар.

Пікірлер