Газада тағы бір бала аштықтан қайтыс болды

695
Adyrna.kz Telegram
© Al Jazeera
© Al Jazeera

Палестинаның Газа секторында аштықтан қаза тапқан балалардың саны артып келеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Аштықтықтың салдарынан қаза тапқандар саны 37-ге жеткен.

Соңғы аптада қоршауда қалған Газа секторында тағы бір бала аштықтан қайтыс болғаны хабарланды.

Палестинаның WAFA ресми ақпарат агенттігі Якин Эстал есімді жас қыз дұрыс тамақтанбағандықтан және медициналық көмектің жоқтығынан жан тапсырғанын мәлімдеген.

“Көптеген жергілікті белсенділер әлеуметтік желіде баланың суретін жариялап, «Сәби Эстал ауруханада соңғы рет демін алды, ол өмір сүру үшін өзгеердің әрекет етуін, қол ұшын созуын күтіп жатты”, - деген пікір қалдырды.

Израильдің халықаралық құқықты бұзатын шектеулері мен шабуылдары салдарынан Газаның солтүстігіндегі палестиналықтар азық-түлік, су және дәрі-дәрмектің қатты тапшылығын көріп отырғаны белгілі.

Пікірлер