“Көп бала тумаңыздаршы”. Әлеуметтік желіде әйел адам көпшілікке үндеу жасады

1428
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Гүлнар есімді әйел адам қазақстандық әйелдерге үндеу жасады, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Тикток парақшасына видео жүктеген әйел көп балалы аналарға қатысты пікірін айтты.

“Көп бала тумаңыздаршы! 25-30 жастағы келіншектер келеді. Жанында ерткен 4-5 баласы бар. Сондай әйелдердің көбінің денсаулығында ақау бар. Қант диабеті, онкология, гинекологиялық аурулары мен артық салмақ проблемалары бар.

Көп балалы болуға шешім қабылдасаңыз, ең болмаса анализ тапсырып, алдын ала дайындалыңыздаршы. Әйелдің денсаулығынан артық ештеңе жоқ. Еркекке бәрібір. Егер әйелге бірдеңе болып қалса, балаңыз қиналады ғой”, - деді.

Кейіннен әйел адам қандай жағдайда балалы болуға болатынын айтты.

“Депозитте ақшаңыз болса, күйеуіңіз материалдық жадайыңызды жасап тастаса, қосымша табыс көзіңіз болса, ал бәрінен де бұрын денсаулығыңыз жақсы болса, онда бала табуға болады. Балаңызды жақсы көрсеңіз, балаңызды ойласаңыз, осыларды ескеріңіздерші!”- дейді тиктокер келіншек Гүлнар.

Желідегі оқырман “Сенен сұрауды ұмытып едік”, “Балаларға төленетін ақшаға көп адам өмір сүріп жүр”, “5 балалалымын, еш өкінбеймін”, “Негізі дұрыс айтып отыр” деп түрлі пікір жазуда.

Пікірлер