БҰҰ Туристік ұйымының бас хатшысы Бурабайға қызығушылық танытты

779
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) бас хатшысы Зураб Пололикашвили Бурабайға қызығушылық танытқаны айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Президент Әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы жылдары біз Қазақстанда туризм инфрақұрылымының белсенді дамып келе жатқанын байқадық, бұл сіздің еліңіздің аймақтағы жетекші туристік бағыттардың біріне айналу ниетін дәлелдейді. БҰҰ-ның Дүниежүзілік туристік ұйымы осы ауқымды жоспарларды жүзеге асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Біз халықаралық туристер тарапынан Қазақстанға деген үлкен қызығушылықты көріп отырмыз, біздің міндетіміз осы әлеуетті іске асыруға көмектесу», - деді Зураб Пололикашвили өз сөзінде.

Президент Әкімшілігі БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының  Бас хатшысы Зураб Пололикашвилидің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырған. Іс-шара барысында Қазақстандағы туризмнің тұрақты дамуы сөз болды.

Кездесуге қатысушылар Бурабай шипажайына да қызығушылық танытып, трендтерін, инвестиция тарту мүмкіндіктерін, инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізуді қарастырды.

Пікірлер