Маңғыстау облысында қоқыс таситын көлік жарылып, өртке оранды

840
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысындағы жолдың бірінде қоқыс таситын көлік жарылған. Жарылыстың күшті болғаны сонша, жақын маңдағы ғимараттардың әйнегі қирап кеткен, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

7 қыркүйек күні сағат 12:01-де Мұнайлы ауданында «Әйгерім» мейрамханасының маңындағы жол бойында қоқыс таситын көлік өртенді. Көлік ішінде болған газ баллоны жарылып, жарылыс толқыны 20 метр қашықтықта орналасқан азық-түлік дүкенінің терезелерін сындырып, баннеріне зақым келтірген.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 12:14-те сөндірілді. Өртті сөндіруге жеті өрт сөндіруші мен екі техника жұмылдырылды.

Пікірлер