“Қайраттың” бас бапкері қызметтен неге кетті?

942
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 3 қыркүйекте “Қайрат” футбол клубының бапкері Александр Кержаков қызметінен кетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматылық клубтан ресми түрде кеткен бапкер келісімшарттың бұзылғанын айтты.

“Мен кеше таңертең қызметтен кетуге өтініш бердім. Бұл шешімді қабылдау мен үшін оңай болған жоқ, себебі мен осында жұмыс істеуді жалғастырғым келді. Біз ойын тұрғысынан өте маңызды прогресске қол жеткіздік, жақсы нәтижелер көрсеттік. "Қайрат" араға ұзақ уақыт салып алғаш рет турнир кестесінде көш бастады және чемпион болуға мүмкіндігі бар. Бірақ мен бас бапкер жұмыста жол беруге болмайды деп санайтын жағдайлар бар. Толығырақ айтпай-ақ қояйын, ол клубтың ішінде қалсын. Командаға және жігіттерге сәттілік пен жеңіс тілеймін", - деді Кержаков.

Кержаковтың жетекшілігімен өткен соңғы ойында "Қайрат” клубы өз алаңында "Астана" ФК-дан 1:0 есебімен жеңілген болатын.

Пікірлер