Қазақстандық режиссер өмірден өтті

4317
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/img_5169.jpeg
Алматыда қазақстандық режиссер өмірден өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Skif.news-ке сілтеп Әзизжан Зайыров бүгін, 3 қыркүйекте өмірден өтті. Суық хабарды оның әйелі хабарлады.
«Қымбатты достар, бүгін біздің Әзиз өмір жолын аяқтады. Сағат 01:45-те №7 Қалалық клиникалық ауруханада жансақтау бөлімінде көз жұмды. Оның жолы жарқын болды. Оған бәрі үшін рахмет», — деп жазды ол.
Әзизжан Зайыров – режиссер, продюсер, сценарист, қоюшы-режиссер, қоғам қайраткері, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанған. Режиссер балалар үйінде өскен. 12 жасында екінші топтағы мүгедек атанған. Ол жақсылық пен махаббатты үйрететін өмірлік фильмдер түсіргенді жақсы көрген.
Комментарии